Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Аргентинада маймыл шешегі анықталды

Танымал

Ел аузында

Аргентиналық мамандар маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы ықтимал жағдайын зерттеп жатыр, – деп хабарлайды RT арнасы.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испаниядан оралған Буэнос-Айрес провинциясының тұрғынында маймыл шешегіне ұқсас белгілер анықталған.

«Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің ықтимал жағдайы туралы хабарлады. Буэнос-Айрес қаласында осы аурудың белгілері бар науқас анықталды», – делінген хабарламада.

Науқастың жағдайы жақсы, бірақ оқшауланған.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Ал Перу үкіметі маймыл шешегі өршуіне байланысты дабыл қақты.

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл – 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Еске салайық, бұған дейін маймыл шешегі адамға жұғуына байланысты ДДСҰ түсінік бергені хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...