Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

ШЫМКЕНТ: ОРЫН АЛҒАН ЖАРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛАДЫ

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев және Шымкент қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдірамановтың қатысуымен өткен шұғыл баспасөз брифингте мәлім болды.
– Қала аумағында 2022 жылдың 21 мамыр күні орын алған оқиғаға қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, біраз экспертизалар тағайындалды, – деді департамент басшысының бірінші орынбасары.

Баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Дәулеткелді Амангелдіұлы қозғалған қылмыстық іс туралы толығырақ айтып өтті.

– Орын алған төтенше жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-і бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты прокуратура тарапынан тергеу жүргіземіз және лицензиясынан айырылуы мүмкін, – деді спикер.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...