Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Петропавл қаласы қоқыстың астында қалу алдында тұр

Танымал

Ел аузында

Петропавл қаласы қоқыстың астында қалуы мүмкін. Себебі облыс орталығының маңындағы екі қоқыс полигоны да жабылып қалудың алдында тұр. Экологтар қоқыс алаңының әбден толып, қалдықтардың шашылып, жағымсыз иіс ауаны ластап жатқанын айтады. Сондықтан олардың жұмысын тоқтату туралы сотқа арыз берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Қалалық қоқыс полигоны осыдан 25 жыл бұрын ашылған. Сол жылдардың ішінде қоқыс орны 85 пайызға толыпты. Қазір мамандар экологиялық және санитарлық талаптарды сақтамайтын полигонның жұмысын тоқтатпақ.

Петропавлдан небәрі бес шақырым жердегі полигонның жұмысына қала тұрғындары да, жақын маңдағы елді мекеннің адамдары да бірнеше рет шағымданған. Көпшілік қолқаны қабатын жағымсыз иіс ауаны ластап, полигондағы қоқыс қоршалған аумақтан асып, шашылып жатқанын айтады. Мұны тексерген экологтар бірнеше заң бұзушылықтарды анықтаған.

“Ең бірінші ол жану фактісі қалдықтардың. Екінші экологиялық кодекске сәйкес келмейтін қалдықтарды қабылдау. Сұрыптау линиясы жұмыс істемейді. Сондықтан әкеліп төгіп жатқан қалдықтар сұрыптаудан өтпейді”, – дейді СҚО Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Яғни, экологиялық кодекске сәйкес полигон аумағындағы полиэтилен, пластмасса, шыны, металл, қағаз қалдықтар іріктеліп, қайта өңдеуге жіберілуі керек. Бірақ бұл жұмыстар да жүргізілмей, қоқыс үсті-үстіне үйіле береді екен. Бұл қоршаған ортаға зиян дейді мамандар.

Тіпті, «Қызылжар Тазалық» серіктестігіне тиесілі қоқыс аумағында мамандар төрт жылда 6 рет тексеріс жүргізген. Бірақ басшылығы бұл жөнінде бізге жауап беруден бас тартты. Ал Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңындағы қоқыс полигонының жұмысы тіпті, заңсыз болып шықты. Сегіз гектар аумаққа жайылған қоқыс орнында 70 мың тонна тұрмыстық қалдықтар, тіпті малдың өлекселеріне дейін төгілген екен. Бұған дейін бірнеше рет айыппұл төлеген жергілікті әкімдікке бұл орынды тазалауға 40 күн уақыт берілді. Бірақ билік бұл мүмкін емес дейді. Себебі, осы маңда қоқыс полигонын сал ді қоқысты қайда апаратынымызды білмеймін”, – дейді Бескөл ауылдық округінің әкімі Қанат Дәрібаев.

Жуық арада Петропавлға жаңа қоқыс полигоны салынбаса, қала қоқыстың астындау қалуы мүмкін. Ал еліміздің солтүстігінде барлығы 454 қоқыс полигоны бар. Олардың үш пайызының ғана рұқсат құжаттары бар. Экологиялық және санитарлық талаптар сақталмаған қалған 438 полигон заңсыз деп танылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...