Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге карта беру ережесін күшейтті

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық банктер санкциядан қорқып, ресейліктерге төлем карталарын беру ережелерін күшейтті, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, енді банктер төлем картасын алу үшін келушілерден төлқұжат, қазақстандық ЖСН, көші-қон картасы мен виза сұрайды. Сондай-ақ, клиенттің ұялы телефон нөмірі жергілікті болуы да маңызды. Тіпті кейбір банктер ресейліктерден жұмыс орнынан анықтама, елде тұруға рұқсаты бар-жоғын сұрай бастаған.

Банктер жаңа ережелердің күшіне енгеніне бір айдан асқанын айтты. Бұл заң барлық шетелдіктер үшін бірдей.

ҚР Ұлттық банкі заңда клиенттен еңбек шарты мен тұруға ықтиярхаттың болуын талап ететін норма жоқ екенін, бірақ олардан сұрауға да ешкім тыйым салмайтынын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...