Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шықты

Танымал

Ел аузында

Ақпанда екі айға қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жұмысқа оралды. Шенеунік сейсенбі, 24 мамырда қызметтік міндетіне кірісті. Бұл туралы inAktau.kz сайтына облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі бұл ақпаратты 4 ақпанда ресми түрде растап, әкім орынбасарының екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды. 17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осы уақыт бойы әкім орынбасары ақысыз демалыста болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...