Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Министр теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кейінгі күндері теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бағам нақты, Ұлттық банк интервенция жүргізбеген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыров теңгенің көктемгі құлдырауына бірнеше фактор себеп болғанын, соның бірі халықтың дүрлігуі екенін түсіндірді.

«Бизнестің кейбір түрлері, халықтың бір бөлігі жаппай доллар сатып ала бастады. Тиісінше, теңге бағамына қысым жасалды. Содан кейін жағдай тұрақталды, қазір жағдай әлдеқайда жақсы екенін көріп отырмыз. (…) Ұлттық банк кейінгі айларда интервенция жүргізген жоқ. Сәуір мен мамырда өткізілмеді. Қазір бағам нақты», – деді министр.

Ол наурызда Үкімет бюджетті қайта қарап, бір доллар үшін 460 теңге деңгейінде болжамды бағам белгілегенін нақтылады. Қуантыров қазақстандықтарға бұл көрсеткішке назар аударуға кеңес берді.

«Бізде экономика өсімі бар, 4 айдың қорытындысы бойынша 4,4 пайыз болды. Оған бірқатар фактор әсер етті. Ең бастысы, Үкімет монетарлық билікпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, экономиканы тұрақтандыру және жағымсыз факторларды азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деп атап өтті Қуантыров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...