Қостанайда мамонт сүйегі табылды

Танымал

Ел аузында

Қостанай маңындағы демалыс орнының басшысы мамонт сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап. 

Юрий Пирогов «Каньон» демалыс орнын жақында ғана сатып алған. Мұнда бұрын шағын көл болған. Алайда ол тартылып қалғандықтан, Юрий көлді қалпына келтірмек болыпты. Экскаватор бұрынғы көлдің орнын қазып бастағанда мамонт жауырының бір бөлігін алып шыққан. 

Сүйекті Юрий Пирогов мұражайға табыстады. Мұражай қызметкері Андрей Андрющенконың сөзінше, сүйек бұл жерге өзен суымен ағып келуі мүмкін. Ал қалған бөліктері жақын маңда болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Енді мамандар мамонттың бас сүйегін табуды да жоспарлап отыр. 

Мамонт сүйегі Қостанайға жақын маңнан алғаш рет табылып отыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина — тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін ерекше қызмет. Медицина қызметкері...