Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қазақстанда көп балалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс көлік мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта көпбалалы аналар мен ардагерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін нормалар енгізіліп отыр. Мәселен, олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағдарларында тегін жүре алады.

Олар:

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

I топтағы мүгедектер;

Ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет бағасының жартысын төлейді.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, ардагерлерге де жеңілдік беріледі. Олардың атына тіркелген көліктерге ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат беріледі. Күш құрылымдарының қызметкерлері де ақысыз жүре алады.

«Өкінішке қарай, ардагерлеріміз аз қалды. Біз оларға теңестірілген азаматтарды да қарстырып жатырмыз. Қазіргі кезде есеп-қисап жасау керек. Екінші оқылымға дейін шешім шығарылады», – дейді Рау.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 65 022 «Алтын алқа», 137 675 «Күміс алқа» иегері тұрады, 15 669 адам «Батыр ана» атанған, І және ІІ екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталғандар – 12 260, І топтағы мүгедектер – 69 444, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 724 178. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...