Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Әлемде ашаршылық болуы қаупі бар

Танымал

Ел аузында

Әлемді ашаршылық пен тұрақсыздық жайлауы мүмкін. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы осылай деп дабыл қақты. Себебі энергоресурстар мен тамақ қымбаттап барады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл әлемде шикізаттың қымбаттауынан ахуал нашарлауы мүмкін. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы тауар жеткізу тізбегінің бүлінуінен тұрақсыздық күшейіп, көп елді ашаршылық жайлайтынын айтады. Ресейдің Украина порттарын қоршауынан 25 миллион тонна астық экспортталмай қалған. Бұл әлемде 400 миллион адамның аштыққа ұшырауына әкеледі дейді ұйым басшысы.

“Азық-түлік дағдарысының алдын алу үшін әлем елдері Ресей, Украинамен бірігуі қажет. Егер біз бұл порттарды ашпасақ, алдағы 10-12 айда азық-түлік бағасы қымбаттап, келесі жылы жер бетінде ашаршылық басталуы ықтимал”, – дейді Дэвид Бизли, БҰҰ дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бас директоры.

Ауғанстан халқы Украинадағы ахуалдың салдарын сезініп жатыр. Бағалардың шарықтауынан елде биыл 5 жасқа дейінгі 1 миллионнан аса бала аштыққа ұшырауы мүмкін. Кішкентайлардың тойып тамақ ішпей ағзасы әлсірегеннен ауру да көбейген. Былтыр 38 миллион тұрғыны бар ауған халқының жартысы кедейшілікте өмір сүрсе, биыл оның деңгейі 97 процентке жетуі ықтимал дейді сарапшылар. 

“Кейінгі уақытта елде түрлі ауру көбейді. Оған себеп жетерлік. Соның бірі – азық-түлік жетіспеушілігі мен жұмыссыздық. Осындай жағдайдан адамдардың тамақ табуы қиындады”, – дейді дәрігер Мұхаммед Седик.

Украинадағы ахуал Таяу Шығыстағы жағдайға да кері әсерін тигізді. Аймаққа Украинаның арзан бидайын жеткізу тоқтап, Газа секторындағы 5 зауыт қиындыққа ұшырады. Салдарынан кәсіпкерлер жұмысшыларды қысқартып, өндіріс қуатын төмендеткен.

Ал жанармай мен тыңайтқыш бағасының өсуі грек фермелеріне ауыр тиді. Жем-шөп қымбаттап, шаруалар малын союға мәжбүр. Мысалы, Наксос аралында шаруалар кей өнімдерді шығаруды тоқтатқан. 

“Егер жағдай осылай жалғаса берсе аралда мал шаруашылығы құрып кетуі мүмкін. Себебі шаруалар қолындағы бар малын сойып жатыр. Үкімет фермерлерге жан-жақты көмекті күшейтуі қажет”, – дейді Наксос аралы ауыл шаруашылық одағының президенті Димитрис Капунис.

Ресми дерекке қарағанда 36 ел шетелден импорттайтын астықтың жартысынан көбін Ресей мен Украинадан алады екен. Олардың арасында Ливан, Сирия, Йемен, Сомали сияқты елдер бар. Сарапшылар мәселе тез шешілмесе, бұл кедей елдердегі экономикалық дағдарыс шиеленісе түседі дейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...