Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанның прокуроры тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа прокуроры тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды.

«Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды», – деп жазды Бас прокуратура. 

Ерлан Өтегенов прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды. Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...