Елімізде айлық жалақының орташа мөлшері аталды

Танымал

Ел аузында

Әлем елдері арасында айлық жалақының орташа мөлшері бойынша рейтингіде Қазақстан 80-орынға ие болды. Қазақстандықтардың жалақы мөлшері – 414,29 доллар, – деп хабарлайды ranking.kz.

Ең жоғары жалақы Швейцарияда, Сингапурде және Аустралияда, ал ең төменгі жалақы Шри-Ланкада тіркелген.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Ресейде (884,14 АҚШ доллары), Украинада (512,66 АҚШ доллары) және Арменияда (420,68 АҚШ доллары) жалақы мөлшері көп.

Молдовада (387,9 АҚШ доллары), Әзербайжанда (323,44 АҚШ доллары) және Өзбекстанда (277,73 АҚШ доллары) бұл көрсеткіштер төмен.

Қазақстанда биылғы бірінші тоқсандағы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 23,7 пайызға артық. 2021 жылы орташа айлық жалақы 230,8 мың теңге болған еді.

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы мұнай-газ өндіретін аймақтарда тіркелген. Атырау облысында 477,9 мың теңге, бұл 1 жыл бұрынғыға қарағанда 17,8 пайызға артық. 

Екінші орында – Маңғыстау облысы. Онда – 416,2 мың теңге. Көшбасшы өңірлер үштігін елорда аяқтайды, онда – 366,5 мың теңге.

Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген, онда – 203,4 мың теңге. Былтырмен салыстырғанда 22 пайызға артық. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...