ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті.

Департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен өткен жиында қызметкерлердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауына, адалдық пен жеке жауапкершілік қағидаттарын ұстануына баса назар аударылды.

Полиция полковнигі Ғ.Қуашбаев өз сөзінде: “Сіздер қашанда заң талаптарын мүлтіксіз орындап, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеулеріңіз тиіс. Сол себепті қызметтік өкілеттікті жеке мақсатта пайдалануға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеуге шақырамын, осы бағытта нақты міндеттер жүктеймін. Қызметтеріңізді абыроймен атқарыңыздар!”-деп атап өтті.

Жалпы Түркістан облысының полиция басшылығы қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.Діни басқарма балиғат жасына жеткен...