Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-12.1 C
Almaty
-7.7 C
Shymkent

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сыртқы істер министрлігі өкілі Қытай түрмесінде өмір бойы жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.

«Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

«Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты», – делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Оның айтуынша, Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған қазақстандықты экстрадициялау туралы ойлау әлі ерте. Мәселе әлі шешілген жоқ.

«Қазақстан Республикасының сотталған азаматтарын елге қайтару 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт!

Елге қайтару мына процедуралардан тұрады:

  1. Үкімді өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға (мерзім бойынша есептелген) қайта қарау туралы қаулы елге қайтаруға тікелей ықпал етеді.
  2. ҚР Бас прокуратурасына сотталушыны елге қайтару туралы өтінішхат жолдау. *Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуірінде бастадым.
  3. БП мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Өте маңызды сәт. Биыл жаза қайта қаралуы мүмкін», – деді Нұрмағамбетов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Будущее образования: как онлайн-курсы и другие альтернативы традиционному обучению помогают молодежи Алматы в трудоустройстве

В Алматы проживают 695,6 тыс. молодых людей. В ВУЗах и колледжах города обучаются более 279 тыс. студентов. Одной из...