Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті – Ақбота Керімбекова

Танымал

Ел аузында

Бұған дейін белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Өнердегі әріптестері әншінің бұл сынына қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Қолдап жатқандардың қатарында Ақбота Керімбекова да бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 botakerim Instagram-парақшасынан алынған сурет

«Қадірлі ұлт жанашырлары! Белгілі өнер иесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов өте орынды мәселе көтеріп отыр! Біз, өнерін ластап көрмеген біздің талантты аға-апаларымыз оны толық қолдап отырмыз!

Расында, есер сөз, ессіз әзіл, есепсіз жындылық құндылықтарымызды күйретіп жатыр. Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті… Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр… Әншейінде, қазақы әннің қалпын бұзбай келе жатқан әншілерді кекеткіш, мұқатқыш, сынағыш қоғам бұл кеселге бас ауыртар емес!.. Мұның бәріне тоқтам болатын тек заң!

Алдағы референдум Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Сол науқан былапыт сөздерді өнерге, ғажайып қазақ әніне аралыстырудан жасқанбайтын, ұялмайтын топтарға тыйым болатын заңды қабылдап берсе, өнер адамдарының көкейін көптен күйретіп жүрген іс шешімін табатын еді!

Саналы көрермен, сарабдал тыңдарман бізге қосылады деп ойлаймын!», – деді әнші Ақбота Керімбекова Желіде.

Еске салайық, Саят Медеуов кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...