Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.9 C
Nur-Sultan
24.1 C
Almaty
16.9 C
Shymkent

Павлодар облысында белгісіз заттан уланған жетінші адам қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, қайтыс болғандар саны жетіге жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №3 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 48 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

«Өкінішке қарай, 29 мамырда таңертең белгісіз заттан уланған жеті науқастың соңғысы қайтыс болды», – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Бұл дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Дербес кассациялық соттарды құру маңызды

2024 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес,...