Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Балаларды қорғау күніне орай Қазақ мемлекеттік циркі балаларды қуантпақ

Танымал

Ел аузында

Бүгін Қазақ мемлекеттік циркі Балаларды қорғау күніне орай қоғамның ең кішкентай мүшелеріне жаңа қойылым ұсынды. Әдеттегідей жаңа қойылымның алғашқы күні мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйлерінің, интернаттардың тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналды. Басқа уақытта үйлерінен көп шыға бермейтін санатқа арналып қойылған қайырымдылық бағдарламасында балалардың ерекше қуанышына куәгер болдық.

 Цирктің сиқырлы әлемінің әрқашан балалар көңілінің төрінен орын алатынына тағы бір мәрте көзіміз жете түсті. Бағдарламаға цирк әртістері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысып шеберліктерімен көрермендерін тәнтті етті.

Атап өтер жайт биыл балалар жылына орай балаларға арналған көп орындардың тегін болуын ата аналар көп өтініп жатыр. Бірақ жыл сайын алғашқы қойылымдарын қоғамның ерекше мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы үйдің балапандары мен тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық ретінде қоюы цирктің әдетіне айналғанын ескере кету керек.  Осы орайда көрермендердің бірі  Оразақова Нұрғиса апамыз «Цирктің алғашқы күнінің көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып қойылуы көңіл қуантады. Бұл біздің қоғамымыздың әрбір мүшесін өз қамқорлығына алып, олардың мәселесін ұмытпағанын білдіреді. Жалпы биыл балалар жылына орай бар жақсыны балаларға арнап, мүмкіндігінше олардың көңілі көтеріп, көбірек көңіл бөлуіміз керек. Қазақ мемлекеттік циркі секілді балаларға тегін қойылымымен құшағын айқара ашатын орындардың санын арттыра түсуіміз керек» дейді.   

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...