УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Құрметті жанкүйерлер!

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!», – делінген федерациясынң қалдырхан хабарласмасында.

Еске салайық, Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны 3 маусым күні «Астана Аренада» өтеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде педагогикалық практиканың нәтижесі қорытындыланды

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының...