Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Шымкентте 178 миллион теңгенің мемлекеттік сатып алуының негізсіз жүргізілгені анықталды

Танымал

Ел аузында

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Шымкент» филиалы  бірнеше жеке кәсіпкерлерден қылмыстық атқару жүйесіне қажетті азық-түліктерді  бәсекелестікке жол бермей, бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алған.

Аталған заң бұзушылықтарды “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалы мемлекеттік сатып алу порталына жүргізген мониторинг барысында әшкереледі

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Еңбек-Шымкент» филиалы түзеу мекемелеріне қажетті азық-түліктерді «Тұрсын Абдульазиз Серғазыұлы» жеке кәсіпкерлігімен жалпы құны 65 650 435  теңгеге, «Жанбаева» жеке кәсіпкерлігімен  жалпы құны 29 113 774 теңгеге, «ДОС» ЖШС-мен жалпы құны 84 015 460 теңгеге  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы 29-тармақшасын негізге ала отырып тікелей шарт жасасқан,

Аталған бап бойынша  бір көзден тікелей шарт жасасу негізіне қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу жатады. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен бекітілген.

Аталған Қаулыға сәйкес өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде «Еңбек-Шымкент» филиалы көрсетілмеген, сонымен қатар Заңның 39-бабы  3-тармағы 29-тармақшасы негізінде «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелер аталған тізбеге сәйкес тек өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алу қатысушысы болып табылады делінген.

Ал  178 779 669 теңгеге бағаланған 4 келісім-шарт бойынша «Еңбек-Шымкент» филиалы азық-түлік өнімдерін сатып алуға негізсіз тапсырыс беруші болып, сонымен қатар аталған тізбелерге ешбір қатысы жоқ жеке кәсіпкерлерді  өнім беруші деп танып, келісім-шарт жасасқан.

“Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша Шымкент қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арыз жолданған болатын.

Аталған арыз негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиттік тексеріс жүргізіп аталған заң бұзушылықтарды растады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аталған мекемеге тиісті шара қолдану мәселесі қарастырылуда.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы жылдан жылға жетілдіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейтін нормалар енгізілгенмен, өкінішке орай қолданыстағы заңнаманы айналып өткісі келетін жағдайлар азаймай тұр.

Сондықтан біздің тарапымыздан мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілетін мониторинг өз жалғасын таба береді.

  “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының жетекшісі

Айжан Кесебаева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...