Қазақстанда жалған 55 мың долларды айналымға енгізгендер сотталды

Танымал

Ел аузында

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша жасаған бандаға қатысты соттың аяқталғанын мәлімдеді. Олар жалпы құны 55 000 доллар болатын жалған купюраны айналымға енгізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жалған купюралар айналымға астанадағы ақша айырбастау пункттері арқылы, жеке есепшотты банкомат арқылы толтыру, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шотты толтыру арқылы енгізілген», – делінген ведомство хабарламасында. 

Сот шешімімен Жомарт А.А.. Чекиев И.Х., Иманбаев Р.А. бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

«Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуыға және бейтаныс адамдардан шетелдік валютаны сатып алмауға кеңес береді. Жалған банкнотты тапқан жағдайда сенім телефонына қоңырау шалыу керек. Жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, алайда оны жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады», – деп түсіндірді агенттіктегілер.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҚАЗСТА ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшыларға құрмет көрсетті

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия ойындарында ел намысын қорғаған Қазақ спорт және туризм академиясының студент-спортшыларына...