Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда тұрмыстық техника қанша пайызға қымбаттады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда тұрмыстық техника қаншаға қымбаттағанын Energyprom сайты жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы тұрмыстық техниканың басым бөлігі импортталған. Биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер бар болғаны 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш жасап шығарған. Ал осы уақытта 144, 9 мың импорттық техника әкелінген.

Бірінші тоқсанда Қазақстан аумағында 150,8 мың кір жуғыш машина мен кір кептіргіш техника, 89,1 мың шаңсорғыш, 181,9 мың миксер әкелінген. Бұл техниканың ешбірі Қазақстанда шығарылмайды.

«Биыл сәуірдің қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1 пайызға өсті. Баға Алматы облысында бірден 21,5 пайызға қымбаттады. Жамбыл облысында 20 пайызға, Солтүстік Қазақстанда 20 пайызға қымбаттады», – делінген ведомство хабарламасында.

Портал мәліметінше, сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша сатып алынған тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1 пайыз қымбаттаған.

Тұрмыстық техниканың ішінде бір жылда тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 15,8 пайызға, пештер 17,2 пайызға, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналар 22 пайызға, шаңсорғыштар 25,1 пайызға қымбаттады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...