ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«13 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу мерзімін бір айға 20 маусымға дейін ұзартқанын растаймын», – делінген хабарламада.
Іс әлі сотқа келмегені атап өтілді.
Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.