Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
31.8 C
Almaty
35.1 C
Shymkent

Маймыл шешегіне кімдер жиі шалдығады?

Танымал

Ел аузында

Маймыл шешегіне шалдыққандардың басым бөлігі ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде маймыл шешегі инфекциясының расталған 402 жағдайы және 24 елде 120 болжалды дерегі бар.

Бұл аурудың ДДҰ үшін эндемиялық саналмайтын бірқатар елде кенеттен бір уақытта пайда болуы «белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдарының болуы мүмкін екенін көрсетеді», – делінген ДДҰ ақпараттық бюллетенінде.

«Індетке шалдыққандардың басым бөлігі – «ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар», — делінген хабарламада.

Маймыл шешегі ауруы әлем елдерінде 13 мамырдан бастап тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, БАӘ-де инфекцияны жұқтыру оқиғалары тіркелді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...