Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қазақстан облыстарына 150 вагон қант жөнелтілді

Танымал

Ел аузында

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамымен ел аймақтарын қант пен қант өнімдерін кедергісіз жеткізу мәселесін шешті. Жергілікті билікке жеткізілген өнімді жедел қабылдап, таратуды қамтамасыз етуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келісім бойынша 28 мамырдан бастап ел аймақтарына үзіліссіз жеткізу үшін қант тиелген вагондардың өтуіне ерекше бақылау орнатылды.

«Қазіргі таңда Қазақстан аумағы бойынша теміржол арқылы 152 вагон қант тасымалданады. Сондай-ақ өңдеуге арналған 116 вагон қант құрағы шикізаты теміржол арқылы жеткізіледі. Отандық зауыттар тарифтік жеңілдікпен үшінші елдерден жеткізілетін шикі құрақ қанттан қант өндіреді», – делінген ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада.

Облыс әкімдіктеріне жеткізілген қантты жедел қабылдап, таратуды қамтамасыз ету ұсынылады.
«Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды. Оны аймақтарға үздіксіз жеткізу жүзеге асырылуда. Өнім қоры үнемі толықтырылып отырады», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда қантқа деген шектен тыс сұраныс осы жылдың наурыз айында Ресей билігі экономикалық санкцияларға байланысты елден жарты жылға қант экспортына тыйым салғанын жариялағаннан кейін басталған.

Көптеген қазақстандықтар бұдан соң қантты сауда нүктелерінен сатып алуға асықты. Бұл шағын дүкендер мен ірі сауда желілерінде өнім бағасының өсуіне және оның жеткіліксіз санына әкеліп қана қоймай сонымен қатар сатушыларды тауарды бір адамға сатуды шектеуге мәжбүр етті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...