Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

32.3 C
Nur-Sultan
34.2 C
Almaty
41.8 C
Shymkent

Мемлекет меншігіне өткен экс-президенттің үйі қандай мақсатта пайдаланылатыны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін экс-президенттің қорғаушылары сот процесі кезінде заң бұзушылықтар орын алды деп, Жоғарғы соттан барлық үкімнің күшін жоюға қол жеткізген.

Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қоры елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі тұрған үйін балаларға арналған білім беру және сауықтыру кешені ретінде ашуға тапсырма бергеніне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Осының алдында Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару қоры экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таштағы үйін мемлекетке өткізу процесі аяқталды деп мәлімдеген.

«Атамбаевтың жақтастарының ол үйді балаларға арналған орталыққа айналдыруға құқығы жоқ. Себебі бұл үй мемлекет меншігіне өтті. Біз қазір оны қарттар емделетін орталыққа айналдыруды қарастырып жатырмыз», – деді мемлекеттік қор өкілі.

2020 жылдың маусым айында Бішкектің Бірінші май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деген айыппен 11 жыл екі айға соттаған.

2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін экс-президенттің қорғаушылары сот процесі кезінде заң бұзушылықтар орын алды деп, Жоғарғы соттан барлық үкімнің күшін жоюға қол жеткізген.

Алайда 2021 жылдың күзінде Бас прокуратура 2020 жылғы Жоғарғы соттың шешімін қайтарып алу жөнінде шағымданған. Жоғарғы сот істі қайта қарау жөнінде шешім шығарып, кейін экс-президентке қатысты бірінші инстанция үкімін күшінде қалдырды.

ulysmedia.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...