Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, Сағынтаевты ЕЭК Алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде шығарылған болатын. Ол Руслан Бекетаевтың орнына келді. Сағынтаев Бекетаевты тағайындау кезінде белгіленген өкілеттіктің қалған мерзіміне тағайындалды.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен 2022 жылдың қаңтарында “басқа қызметке ауысуына байланысты” босатылған болатын. Ол 2019 жылдың 28 маусымынан Алматы қаласын басқарды.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...