Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Баланың мерекесі әлемнің мерекесі….

Танымал

Ел аузында

«Балалар жылына» орай Анаға құрмет музейі «Анама құрмет» тақырыбында шығарма жазудан байқау жарияланған болатын. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

1 – Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгінгі мерекенің атауы яғни Балаларды қорғау күні дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялағанына байланысты Анаға құрмет музейі Қарасай ауданына қарасты барлық мектептің 5-6 сынып арасында «Анама құрмет» тақырыбында шығарма жазуға байқау жарияланған болатын. Балаларды қорғау күніне орай оқушыларды музейге шақырып байқаудың нәтижесін жариялады.
Қарасай ауданындағы төрт мектептің жиырмадан аса оқушысының шығармасын әділ-қазылар алқасы байқау ережесіне сай деп бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Байқауға қазылық жасаған филолог, Алтын алқа иегері, «Қазақ Аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша төрайымы Ләйле Дәулет пен қолөнер шебері Бегдайыр Қоңыр мен Анар Нарботаның шешімімен бас жүлдені «Жамбыл атындағы № 2 орта мектептің 5 «ж» сыныбының оқушысы Олжас Қуатбек иеленді. Бірінші орынды 6 «ә» сыныбының оқушысы Ықылас Мухитұлы, екінші орын 5 сыныптың оқушысы Әділхан Төлеубай, үшінші орынды О.Исаев ауылындағы орта мектептің 6 сыныбының оқушысы Адина Болат алды.
Ынталандыру сыйлығымен Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 5 «а» сынып оқушылары Мереке Асанғали, Балнұр Бекполатова, Ұлжан Жидебай, Жанел Асқар, О.Исаев ауылындағы орта мектептің 6 «в» сыныбының оқушысы Хадиша Әлиқызы және «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебінің» 6 «в» сыныбының оқушысы Мейірім Ізбасар, 5 «ж» сыныбының оқушысы Айтолқын Есімхан марапатталды.

Анаға құрмет музейінің қызметкері Ж. Қалибекқызы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...