Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қаңтар оқиғасының қатысушылары не себепті Алматыдағы президент резиденциясын басып алуға тырысты?

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратураның І қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы Алматыдағы президент резиденциясын басып алудың егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шабуыл үдей түскен кез 5 қаңтарда, 15:00-16:00 аралағы болды. Шабуылдаушылар тартып алған арнайы техникамен ғимараттың қақпасы мен қоршауын кем дегенде бес рет соққан. Сондай-ақ шабуыл барысында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қарулар пайдаланылды. Әкімдікке шабуыл кезінде қолға түскен әскерилерді тірі қалқан ретінде қолданды. Қылмыскерлердің көп бөлігі алкогольдік ішімдік пен есірткі тұтынған», – деді ол брифинг барысында. 

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қараңғы түскен соң және қалың тұман кесірінен ғимаратта қорғанысты ұстап тұру мүмкін болмаған. Себебі бейбіт халықтың өміріне қауіп төнген. 

«19:25-те қақпа тартып алынған «Камаз» көлігімен қиратылды, сосын қарулы топ ішке кіруге тырысты. Резиденцияны басып алу билікті құлатудың бір кезеңі болған. Өйткені осындай ғимарат пен әкімдікті басып алу қаланы басқару жүйесінде аласапыран тудыруы қажет еді. Сондай-ақ тұрғындарда өз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық пайда болады. Әкімдік пен резиденцияға шабуыл кезінде қылмыскерлер әскерилердің қару қолданатынын біле тұра ғимаратқа қарай жүгірді», – деді Елдос Қилымжанов. 

Бүгінде резиденция ғимаратын қорғау кезінде қаза тапқан 12 азамат терроризм актіне қатысты күдікті деп танылған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...