Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қыруар қаржы, жаңа оқулық. Депутат білім саласындағы реформаларды сынап тастады

Танымал

Ел аузында

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында білім саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Ол алдымен жұмыс сапарымен өңірлерге барып, ауыл-аймақтарды аралайтынына тоқталды. Сондай-ақ мектептерге барып, мұғалімдермен әңгімелеседі. Сөзінше, олардың көпшілігі білім саласында жүргізіліп жатқан толассыз өзгерістерге көңілі толмайтынын айтады.

Осы кезге дейін білім саласында біз еліктемеген ел қалмаған шығар. Бірақ олар қоғамға қажет пе? Мүддемізге сай ма? Оған бас ауыртпадық. Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында ең көп реформаға ұшыраған сала білім саласы болды. Мысалы, соңғы бес жыл ішінде «Білім туралы» заң 29 рет өзгеру мен толықтыруға ұшыраса, мемлекеттік білім беру стандарты 2017 жылдар аралығында 7 рет өзгеріске түсті. Әрбір өзгеріс сайын оқулықтың мазмұны жаңарып, қыруар қаржы жұмсалып, жаңадан оқулықтар басылып жатады, – дейді сенатор.

Оның айтуынша, дамыған елдерде, мысалы, Жапонияда мемлекеттік білім беру стандарты бірнеше жыл талқыланып, соңғы рет 2010 жылы өзгертілген. Яғни содан кейін өзгеріске түспеген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...