Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Қазақстанда ішкі туристер саны 50 пайыз артты

Танымал

Ел аузында

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық туризм мен ұлттық парктерді дамыту мәселелері қаралды, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны 50 пайыз өскенін хабарлады. Сонымен қатар шетелдік туристер саны азайған, бұның себебі карантиндік шаралар мен сыртқы шекаралардың жабық болуымен байланысты.

Ұлттық саябақтарға келушілердің саны артты. Іле Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық парктерге келушілер санының еселеп өскені байқалады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында салаға 75,6 миллиард теңге тартылды, 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш – 1 триллион теңге.

«Қазіргі уақытта 25 елмен 80 бағыт бойынша халықаралық әуеқатынасы, 74 елге визасыз режим қалпына келтірілді, құрлық шекаралары ашылды. Таяу келешекте біздің алдымызда визалық режимді либерализациялау міндеті тұр», – деді Дәурен Абаев.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов туризмнің өте перспективті сала екендігін атап өтті. Пандемияға дейін туризм саласына жаһандық қызмет көрсету экспортының 30%-ы, әлемдік инвестициялардың 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы тиесілі болды. 

Басқа жағынан, бұл фактор ішкі туризмді дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы туристік объектілерге қызығушылық артып келеді. Сондықтан Үкімет басшысы туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервисті дамыту қарқынын одан әрі күшейту қажет екенін айтты.

Сондай-ақ экотуризм объектілеріндегі қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Оны іске асыру кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесі қатаң сақталуы тиіс. 

Әлихан Смайыловтың пікірінше, кейбір туристер демалатын жерлерге әуе және теміржол тасымалының болмауы, демалыс маусымында жол қатынасының қиындығы – туризмнің дамуын тежеп отырған мәселелердің бірі.

Осыған байланысты Индустрия министрлігі интермодалдық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеп, авиа, авто және теміржол көліктерінің ыңғайлы қиылысқан бағыттарын қамтамасыз етуі қажет.

Сондай-ақ туристік сала мамандарын кәсіби даярлауға жүйелі тәсіл керек екені айтылып жүр. 

«Қолданыстағы бағдарламалар туризм саласының нақты қажеттіліктеріне сай келмейді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты, оның ішінде Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында күшейту қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Үкімет басшысы туризм саласының дамуында оң динамика бар екенін, осы орайда мына мәселелерге көңіл бөлу керегін атап өтті: 

  • Бірінші. Өңір әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс.
  • Екінші. Мәдениет министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бірінші кезекте, туристердің қауіпсіздігі мен қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін туристік өнімдер ұсыну жөнінде кешенді жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.
  • Үшінші. Мәдениет министрлігі Экология министрлігімен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жоспарын бекітіп, ондағы шараларды іске асыруға кірісуі тиіс.

«Туристерге қызмет көрсету сапасына назар аудару керек және де биотуалеттер мәселесі шешілуі тиіс. Бұл туристер санының өсуіне ықпал етеді. Отандық және шетелдік туристер көбіне дәл осы сервистің нашарлығын айтып, шағымданады. Сондықтан бұл мәселені мұқият пысықтау қажет», – деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...