Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

«Human Rights Lawyers»  қоғамдық қоры кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөпірімдерді мерекемен құттықтады

Танымал

Ел аузында

Республика күніне орай  «Human Rights Lawyers»  қоғамдық қоры Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11мекемесіне келіп кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөпірімдерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар қоғамдық қор демеушілерінің, волонтерлардың қолдауымен жазасын өтеуші жасөпірімдерге психологиялық кеңес берілді. Сурет байқауына қатысқан  балаларға арнайы сыйлықтар тарту етілді, оларға арнап мерекелік дастархан жайылды. Аталған шара «One Stop Service Бір қадам» жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссиясының, ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің «Азаматттық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен іске асырылып жатқан азаматтардың құқығын қорғау және халық арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Осы іс –шараның ұйымдастыруына көмек көрсеткен қор өкілдеріне №11 мекеме бастығы әділет подполковнигі Марат Берикович Махамбетов ҚАЖД бастығы атынан алғыс хат ұсынды.

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как блогер вместе с заказчиками инсценировал аварию?

@Fact Check: 22 января был арестован блогер Кушеев, называющий себя правозащитником.Обвинение — вымогательство.В этом расследовании мы покажем, как блогер...