Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.5 C
Nur-Sultan
20.8 C
Almaty
23.2 C
Shymkent

Қарағандыдағы «Фитохимия» кешені мемлекетке қайтарылады – Аймағамбетов

Танымал

Ел аузында

Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Каспий» биржасында ұйымдастырылған күкірт саудасы басталды

«Каспий» тауар биржасында агроөнеркәсіптік және химиялық секторлар үшін стратегиялық маңызды өнім — техникалық түйіршіктелген күкірттің саудасы ұйымдастырылды.Күкірт негізгі экспорттық...