Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі айтты, – деп хабарлайды lada.kz.
Облыс әкімдігінде Ниязовтың жұмыстан шеттетілгені туралы қауесет тараған болатын.
«25 мамырдан бастап Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ, анық-қанығын құқық қорғау органдарынан біле аласыздар», – деді Маңғыстау облысы әкімдігі өкілі.
Сотта Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарғаны айтылды.
«Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзарды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары бойынша 24 мамырда жұмысқа оралған еді. Сонымен қатар, әкім орынбасарының лауазымында қалуы сот шешіміне байланысты екені айтылды. Ол бір аптадан кейін өзгерді.