Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Алматыда комиссия мүшелері қызметінен шеттетілді

Танымал

Ел аузында

5 маусымда әлеуметтік жіледі жәшікке артық бюллетеньдер салынуы мүмкін деген видео тараған. Алматыдағы учаскелердің бірінде болған жағдайға байланысты аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Дауыс беру учаскесінде болған оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген. Бюллетеньдер заңсыз салынды деген жәшікті мөрлеп, есептен алып тастаған. Одан кейінгі дауыс берушілердің бюллетеньдері жаңа жәшікке тасталған.

Дегенмен мұндағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сондықтан нақты шешімді құқық қорғау органдары мен Орталық референдум комиссиясы қабылдайды. 

“Әрі қарай дауыс берудің нәтижесі әрі қарай басталған урнаның ішіндегі жәшіктің ішіндегі бюллетеньдермен саналатын болады. Нәтиже де сонымен шығады. Ал қалған шешімді әрі қарай, қорытынды шешімді Орталық референдум комиссиясы шешеді. Бүкіл құжаттар, бүкіл деректер Орталық референдум комиссиясына жіберілетін болады. Міндетті түрде қорытындыланғаннан кейін, шешім шыққаннан кейін алдарыңызға шығып айтып береміз”, – деді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...