«Барыстан» бір уақытта 13 хоккейші кетіп қалды

Танымал

Ел аузында

Құрлықтық хоккей лигасы (КХЛ) орталық ақпараттық бюроның электронды базасында трансфер кестесін жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы ақпарат бойынша, «Барыс» командасынан 13 хоккейші кеткен. Олардың қатарында шабуылшылар – Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк («Автомобилист»), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко және Томаш Юрчо бар.

Ал қорғаушылардан Олле Альсинг («Лександ», Швеция) , Эрик Мартинссон («ХВ 71», Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов («Металлург») және Роман Савченко кетсе, қақпашы Йони Ортио («ХВ 71», Швеция) да елордалық ұжыммен қоштасыпты. 

Енді «Барыстың» құрамында 12 ғана хоккейші қалды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...