Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді?

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Президентінің экономикалық ресурстарды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға қаулы етті.

Комиссия құрамы:

  • Бас прокурор, төраға;
  • Бас прокурордың орынбасары, төрағаның орынбасары;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
  • Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі;
  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры » АҚ Басқарма төрағасы;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
  • Ішкі істер министрі;
  • Әділет министрі.

Ведомствоаралық комиссияға бір апта ішінде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына енгізу тапсырылды.

Бұдан бөлек, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын MagicOS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге айналатын жаңа парадигма. Бұл қадам HONOR-дың жаһандық көзқарасын айқындайды: технологиялар пайдаланушы өміріне табиғи түрде интеграцияланып, жайлылықты, өнімділікті және қауіпсіздікті арттыруы тиіс. HONORкомпаниясының бас...