Елімізде вейптерге тыйым салынуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салу, сондай-ақ, акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Негізгі даудың себебі бұларға (жылытылған темекі қосылған өнімдерге. – Ескерту) салынған салық. Білесіз бе, осы уақытқа дейін Қазақстанда электронды темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз салу туралы шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, Қазақстанда темекі қоспасы бар электронды құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық», – деп түсіндірді ол Мәжіліс отырысында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...