Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы жарияланды

Танымал

Ел аузында

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

«Заң» медиа-корпорациясына қарасты «Заң газеті» басылымының мұрындық болуымен өтетін Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы биыл да жалғасын табады. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған додаға Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетпек. Бұйыртса биылғы жүлдегерлерді қазан айының соңына қарай қасиетті Сыр елінде марапаттаймыз.

Байқауды өткізудің мақсаты:

– Детектив жанрының атасы Кемел Тоқаевтан кейін кенжелеп қалған жанрды жандандыру;

– детектив шығармалар жазуға деген көпшіліктің ынтасын ояту;

– шытырман шығармаға қызығушылықты арттыру;

– осы жанрдың көмегімен құқық қорғау, сот, адвокатура саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу.

Байқауға кімдер қатыса алады?

Соңғы үш жылда осы байқауға қатысып, бас жүлде мен бірінші орын алған адамдар байқауға қатыстырылмайды. Басқа үміткерлердің бақ сынауына толық мүмкіндігі бар.

Үміткерлер шығармасын zangazet@mail.ru эл.почтасына немесе Алматы қаласы, Досмұхамедов көшесі 68Б мекен-жайына «Байқауға!» деген белгімен жолдай алады. Байқауға жіберілген материал көлемі А4 форматында 14-шрифтпен жазылғанда 10 беттен аспауы керек.

Шығармалар осы жылғы 30-қыркүйекке дейін қабылданады. Белгіленген мерзімнен кешігіп келген еңбектер байқауға қатыстырылмайды.

Материалдар «Заң газетінде» және zanmedia.kz сайтында жарияланып тұрады. Сондай-ақ, детектив жанрының талаптарына сай келмейтін шығармалар қазылар назарына ұсынылмайды.

Жүлде қоры қандай?

Байқаудың бас жүлдесі – біреу, 1 орын – біреу, 2 орын – екеу, 3 орын – үшеу және бес ынталандыру сыйлығы қарастырылып отыр. Биылғы жылдың бір ерекшелігі – оқырманның дауысына (дауыс zanmedia.kz сайтында онлайн беріледі) ең көп ие болған үміткерге бірінші орынға тең дәрежеде жүлде тағайындалады. Сонымен бірге, жазуға қабілеті бар студент жастарды, жоғары сынып оқушыларын ынталандыру мақсатында арнайы жүлде белгіленіп отыр.

Ал, құрметті оқырман! Байқауға қатысып, бақ сынаңыз! Іске сәт!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...