Қазақстандық футболшы Ресей чемпионы сапында қалатын болды

Танымал

Ел аузында

Bobsoccer «Зенит» командасы мен қазақстандық футболшы Нұралы Әліп туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Зенитпен» келісімшарты бар Нұралы Әліп демалыстан кейін команда сапына қосылады. «Қайрат» келісімшартты бұзуды қарастырып отырған жоқ, қазіргі жағдай Әліпті де, «Зениттің» бапкерлер штабының да көңілінен шығып отыр. Ресейлік клуб қазақстандықты сатып ала алады, алайда, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ», – делінген мәтінде. 

22 жастағы Әліп «Зенит» сапында он матч өткізді. Қазіргі таңда футболшы Қазақстан құрамасы сапында Ұлттар лигасына қатысып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...