Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды

Танымал

Ел аузында

Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз жазбасын «Мен Қазақстаннанмын!» деп бастады.

«Қазақстанда маған ұнайтын өзгерістер жүріп жатыр, ең жылдам цифрлық трансформация жүріп жатыр, бұл бізге холдинг командасымен әлемдегі ең озық финтек өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш, қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді, әділ мемлекет құра алатынына сенемін. Соған кәсіпкер ретінде өз үлесімді қоса аламын деп сенемін», – деп жазды Турлов.

Кәсіпкер қазақ тілін үйренуді де жоспарлап отырғанын атап өтті.

Тимур Турлов 2022 жылдың мамырында Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетінші ең бай бизнесмен атанды.  Оның байлығы 2,2 миллиард долларға бағаланады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...