Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Жазира Байырбекова ерекше салтты жаңғыртты

Танымал

Ел аузында

Жазира Байырбекованың отбасында ерекше оқиға орын алды. Әншінің бала күтушісі оның қарт анасына жілік ұстатты. Мұны «бауыр болу» мақсатында жасады. Көпшіліктің жанын тебіренткен хикаяны Байырбекова Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Дара өмірге келгенде балаға қарайтын (бала күтуші, няня) мейірімді адам іздеп,бірінші кездескен Шарипа апамен таныстым да,бірден ұнаттым. Басынан өте ауыр жағдайлар өтті. Бауырларын, жалғыз ұлын мәңгілік өмірге шығарып салды. Қанша қиындық көрсе де мәдениеттілігін, адалдығын, көркем мінезін жоғалтпады. Қызыма, отбасыма, туыстарыма туыс болып кетті. Өз анама денсаулығына байланысты балаға қарағаннан кем қарамаймыз. Анама да қамқор болып бір-біріне бауыр басып қалды. Шарипа апамдай адам өмірде бар ма, жоқ па білмеймін. Мұндай адал адам аз. Қазақта туғанынан көрмей жүрген жақсылықты, мейірімділікті көріп, шын тілекшің болып жүретін адамдармен туғандай болуға болатынын “жілік ұстау” рәсімімен көрсете білген екен.

Бүгіннен бастап анам екеуі жілік ұстап туған, бауыр атанды. Анамның туған бауыры жоқ еді. Енді бар.

Енді ол кісіге біздің әулеттің келіндері иіліп сәлем салып, біз ақыл сұрайтын бір анамыз болады», – деп жазды әнші. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...