Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Мені таңғалдырды»: Димаш Құдайбергеннің клипіне түскен ресейлік актриса ерекше оқиғаны баяндады

Танымал

Ел аузында

Димаш Құдайберген жуырда тыңдарманына Okay атты жаңа туындысын ұсынды. Туынды АҚШ-тың музыкалық чартының үздік ондығына кірген. Ал бейнебаянда басты рөлді сомдаған ресейлік актриса түсірілім алаңында болған қызықты хикаяны Қазақстан «Ұлттық» арнасының «1001 түн» бағдарламасында баяндады. 

Ол түсірілім кезінде Димаштың талантына ғана емес, адамгершілік қасиетіне куә болып, таңғалған. 

«Бейнебаянның тұсаукесері құтты болсын! Жақсы тілек білдіріп жатқандардың барлығына және Димаштың шығармашылығын қолдайтындарға алғыс білдіргім келеді. Ол – өте мейірбан, терең ойлы адам. 

Ең қызығы, осындай ерекше талантына қарамастан, Димаш өзінің адамгершілік қасиетін сақтап қалған. Клиптің түсірілімі кезінде бір оқиға болды. Түсірілім тобындағы қыздардың бірі жүгіріп бара жатып, тайып құлады. Дәл осы сәтте түсірілім жүріп жатқанына қарамастан, Димаш қызға көмектесуге жүгіре жөнелді. Оның бұл әрекеті маған қатты әсер етті, таңғалдырды. Осындай риясыз, жүрек тебірентер дүние жасағанымыз үшін бақыттымын, рахмет», –  деді актриса Александра Гайдар.

Әкесі Қанат Айтбаевтың айтуынша, Димаш бала кезінен өзгелерге жақсылық жасауға асыққан. 

«Димаш – кішкентайынан мейірбан бала. Елге болса екен деп тұрады. Бала кезінде үстіне әдемі киім алып берсек те, басқаға кигізіп жіберетін. Бір жолы әкесі жоқ балаға жаңа киімін кигізіп жіберіпті», –  деп бөлісті Айтбаев. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...