Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Ұлттық экономика министрі қазақстандықтарды ақшаны үнемдеуге шақырды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға ақшаны үнемдеп, шығындарды азайтуға кеңес берді. Оның айтуынша, халықтың қалтасын қағып жатқан қымбатшылыққа екі жылға жалғасқан пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайдың күрделенуі себеп. Соның кесірінен инфляция өсіп, халық жалақысының тең жартысын азық-түлікке жұмсауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бғдарламасына сілтеме жасап. 

Қымбатшылық тек Қазақстанда ғана емес, әлемді жайлады деген министр елді үнемдеп үйренуге шақырды. Сонымен қатар нарық реттелгенше, сабырмен күтуге кеңес берді. 

«Мүмкіндігінше бюджетті оңтайландырып, артық шығындарды азайтқан жөн. Мұндай инфляция 2015-2016 жылдары да болған. Бұл жолы да уақытша құбылыс деп ойлаймын. Соңғы екі-үш аймен салыстырғанда, нарық тұрақтана бастады. Сол себепті аз уақыт күте тұру қажет», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...