Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Танымал

Ел аузында

Оның алғашқы отырысы ертең, 16 маусымда Ұлытауда өтеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды, деп хабарлады Ақорда.

Оның алғашқы отырысы ертең, 16 маусымда Ұлытауда өтеді.

Назарларыңызға Жарлықтың мәтінін ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                       Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым

                                № 930

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новая опора: жительнице района вернули подвижность с помощью эндопротеза

05 сентября 2025 года в Кегенскую районную больницу была госпитализирована пациентка 1967 года рождения с диагнозом: первичный двусторонний гонартроз....