Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

«Біздің халық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатыр»: Депутат зейнет жасын төмендету мәселесі туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Қазақстан халық партиясы “Халық сарапшысы” талқылау жобасы аясында зейнетке шығу жасын төмендету жайлы мәселені көтерді. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова кездесуде көптеген қазақстандық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біздің партия әу баста зейнетке шығу жасының көтерілуіне қарсы болған. Бұл реформа ұсынылғанда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жас дамыған батыс елдерінде белгіленген деген ұстаным айтты. Алайда біз өзімізді олармен өмір сүру деңгейі бойынша салыстыра алмаймыз. Жайлылық бойынша. Бізде су жоқ, көптеген елді мекендерде баспана жоқ, әлеуметтік сақтандыру жоқ”, – дейді Смирнова.

Оның сөзінше, қазақстандықтар 63-65 жаста зейнетке шығатындай ондай ұзақ өмір сүрмейді.

“Біз бұл жасқа жетпей бақилық боп кетіп жатырмыз. Сондықтан біз зейнет жасын төмендету керек деген позицияны ұстанып отырмыз. Зейнетке шығу жасы төмендеуі керек. Еліміздің халқының 52 пайызы – әйелдер. Жас, кәрі, орта жастағы. 55-58 жастан кейін жұмыс істей де алмай қаласың. Адамдар шаршаған, жұмыс та табылмайды. Сондықтан бұл бастама дұрыс. Мемлекет 63 жастан ерте зейнетке шыққысы келетіндерге рұқсатын беру керек”, – дейді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...