Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«Күніне бірнеше рет әкесін сұрайды»: Дана Есеева балаларының қандай сынақтан өтіп жатқанын айтты

Танымал

Ел аузында

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген айыппен ұсталған вайнер Мейіржан Төребаевтың қамауда отыру мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл жаңалық әсіресе блогердің жұбайы мен үйде күтіп отырған бес баласына ауыр тиді. Дана Есеева болған жайттан балаларының басына қандай қиыншылықтар түскенін әңгімеледі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төребаетың 1 қыз, 4 ұлы бар. Кенжелері небәрі 2 және 3 жаста.

«Жантөре әкесінің суретін мейрамханадан көріп қалды. Балаларым әкелерін ұмытып қалмас үшін оларға үнемі ол туралы еске салып тұрамын деп ешқашан ойламаппын. 

Балаларымызды әке махаббатынан қасақана айырғандар, сіздер бақытсыз жансыздар. Бастысы, бұл сіздердің балаларыңызға тимесін. 
Бастысы, ол тірі. Барлығы әлі алда. Болған жағдайға міндетті түрде пікір білдіремін. Есеңгірететін дүние көп. 

Жуырда Адижан маған: «Мұңайма», –  деді. Осы айлар ішінде оның қаншалықты есейгенін сол сәтте түсіндім. 12 жасында ол да сынақтан өтуде», – деп түсіндірді Дана Есеева.

Бұдан бөлек, блогер ортаншы ұлының жылаған сәтін жариялады. 
«Біздің әр түніміз осылай өтеді. Балалардың ішінде ең эмоцияға берілгіші Раимжан. Күніне бірнеше рет әкесін сұрайды», – деп бөлісті ол.

Блогер бұған дейін өзінің әлсіздігін, балаларының халін көрсетпей келді. Алайда мұны Мейіржанды «қаматып отырғандар көрсін» деген оймен жариялағанын айтты. 

«Мұның барлығы бір күні біз үшін аяқталады. Ал оның кірі сіздермен қалады.

Дегенмен де мен әділеттілікке, «Жаңа Қазақстанға» сенемін. Полицияның өктемдігін тоқтатынына сенемін», –  деді ол.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...