Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қаржы министрі мемлекеттік қарыздың өсу себебін атады

Танымал

Ел аузында

Жамаубаев атағандай, қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі  барынша пайдаланылатын болады.

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

«Мемлекеттік борышты басқару бойынша айтатын болсақ, мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігі мен маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды. Былтырғы қорытындылар бойынша  мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрады және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр», – деді Жамаубаев. 

Министр атағандай, бұл халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауларымен де расталып отыр.

«Дей тұрғанмен, мемлекеттік борышты басқаруды одан әрі жетілдіру үшін келесідей шаралар қабылданады. Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді.    Көлеңкелі экономикамен күресті белсеңдету. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салықтық түсімдердің біртіндеп ұлғаюы күтіліп отыр», – деді ол. 

Жамаубаев атағандай, қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі  барынша пайдаланылатын болады.

«Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өту керек», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Су тасқынының шарықтау шегі қашан болады? Ғалымдардың жауабы

Биыл елімізде көрші елден мол су келіп жатыр. Бұл ағын қашанға дейін жалғасады? Шарықтау шегіне қашан жетеді? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың пікірін...