Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Президент сапары: Қазақстан өз тауарын Иран арқылы транзиттеуге келісті

Танымал

Ел аузында

Меморандум қол қойылған күні күшіне енді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға ресми сапары шеңберінде Қазақстан өз тауарларын осы ел арқылы транзиттеу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінің маңызды нәтижесінің бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде Қазақстан-Иран ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою болды. Құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев қол қойды.

Меморандумға сәйкес Иран Қазақстан бидайы мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарларының еркін транзитін өз аумағы арқылы қосымша баждар мен алымдарсыз қамтамасыз етеді. Тараптар СВОП операциялары бойынша Қазақстанда өндірілген бидайды Иранға әкелуді және осындай мөлшердегі бидайды Иранның шығу шекараларынан әкетуді ынталандыратын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құру жоспарланған. ҚР ИИДМ мен Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрлігі оңтайлы жылдамдық пен бағаны сақтай отырып, тауарлардың транзитін қамтамасыз ету үшін үшінші елдердің тиісті органдарымен байланыс орнатуға келісті. Меморандум қол қойылған күні күшіне енді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...