Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.6 C
Nur-Sultan
23.4 C
Almaty
23.6 C
Shymkent

Ақтөбеде әскери қызметкер қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Танымал

Ел аузында

Ақтөбеде Ұлттық ұлан эфрейторы Андрей Петров қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалған. Оқиға 15 маусымда түнгі 03:00 шамасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Андрей Петров түнде самалдыққа шығып, көмекке шақырған қыздың дауысын естіген. Ойланбастан далаға шыққан ол қызды зорламақ болған ер адамды көрген. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін пайдаланып, ер адамның арам пиғылын іске асыруға бөгет болған. 

«Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары келгенше күдіктіні жерге жатқызып ұстап, полицияға табыстаған. «Мен кез келген адамның осылай жасайтынына сенімдімін. Бұл – ерлік емес. Жаңындағыларға көмектесу – еркек үшін ар мен намыс ісі. Мұндай кезде бей-жай қарамаңыздар» дейді ол», – деп жазды Александр Цой өз Facebook парақшасында. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккен қыз полицияға арыз жазған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...