Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма?: Ерке Есмахан тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді

Танымал

Ел аузында

Жеке өмірі жұрттың талқысында жүретін тағы бір әнші – Ерке Есмахан. Желідегі фолловерлері әншінің жүріс-тұрысын, кіммен билеп, кіммен қыдырғанын жіті қарап отырады. Өнердегі әріптестерімен жиі жұптастырады. Алайда бірінші некесі сәтсіз аяқталған Есмахан екінші рет тұрмыс құруға асықпайды. Ол жеке өміріне қатысты сауал қойғандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мені күйеуге жіберіп, өздерің менсіз не істемекшісіңдер? Неге сұрай бересіздер? Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма? Қателеспеңіздер», – деп мәлімдеді Ерке.

Желі оқырмандарының бірі әншінің бойындағы жағымсыз қасиеттері жайлы сұрады. Оған Ерке: 

«Жалқаулығым бар. Бірдеңе ұнамаса, үндемей қалмаймын. Ыңғайлы ма, ыңғайлы емес па, дымға қарамай, дәл сол жерде бетке айтамын. Ашуым қатты. 

Өзіммен өзім келісіп, бір шешім қабылдасам, ол шешімді өзгертпеймін. Кейде жаман, кейде жақсы қасиеттер», – деп жауап берді.

Сондай-ақ, Есмахан қыздың бойында қандай қасиеттер болуы керектігін атап өтті. 

«Ақылды, білімді, иманды. Әрқашан ізденісте болу керек. Тазалық. Жанның, тәннің, рухтың тазалығы. Қасыңда жігітің, күйеуің бар ма, жоқ па, оған қарамай, өзің толыққанды болуың керек. Өзіңді тап бірінші. Өмір тек еркектің төңірегінде айналып жатқан жоқ», – деді әнші. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...