Баян Мақсатқызы Мәншүк Мәметова туралы сериал түсірмек

Танымал

Ел аузында

Баян Алагөзова Кеңес одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға арнап сериал түсірмек. Кинокартинаның түсірілімі жақын күндері басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды продюсердің өзі Instagram парақшасында жеткізді. 

«Армандар орындалады. Жақын арада біздің компания Мәншүк Мәметова туралы сериалдың түсіріліміне кіріседі. Біздің қолымыздан келеді және Мәншүктің аңызға айналған ерлігі ғасырлар бойы ұрпаққа беріледі деп үміттенемін», – деп бөлісті Мақсатқызы.

Фильмде басты рөлді сомдайтын қыздың кім екені белгілі. Ол жас актриса – Зухра Сайпи. Сериалға режиссер Асқар Ұзабаев режиссерлік етеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...